Өскемен Халықаралық музейдегі селфи күніне қатысады

457
көрілім

17 қаңтар күні облыстық музей-қорық Халықаралық музейдегі селфи күніне қатысады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Бұл музейдегі фотосессиялардың халықаралық флешмобы, - деп хабарлады музей-қорықтың баспасөз қызметі. - Шарттары өте оңай. Өзіңе ең әсерлі ұнаған экспонатпен селфи жасап оны әлуметтік желіге (Twitter, «Вконтакте», Facebook, Instagram)салу керек. Байқаудың ең басты шарты – селфи таяқшасын (монопод) қолданбау және суретті әлеуметтік желіге салып, астына #museumselfie, #МузейноеСелфи хэштегін белгілеу керек.

Сонымен қоса музей қонақтарына аталған ережелерді есте сақтауға кеңес береміз. Экспонатты қолыңызға алмаңыз, суретке жарқылсыз түсіңіз және экспозиция жиhаздарына отырмаңыз.

Акция сағат 9-дан 18.00-ге дейін Қ.Қайсенов көшесі, 56, М.Горький көшесі, 59 а мекенжайында өтеді.