Өскемен қалалық полиция басқармасының басшысы Даур Ибраев өмірден өтті

1178
көрілім
Фотосурет egemen.kz сайтынан

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, полковник коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бейресми ақпараттарға сәйкес полиция басқармасының бастығы COVID-19 инфекциясынан көз жұмған.

– Өскемен қалалық полиция басқармасының басшысы Ибраев Даур Болатұлының өмірден өтуіне қайғырып көңіл айтамыз. Полиция полковнигі Семей өңірінің тумасы, ведомстволық ЖОО-ны аяқтаған соң 2000 жылдан бастап ШҚО полициясының жедел-іздестіру бөлімшесінде жұмыс істеген. Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімін басқарды. Қызмет жолында өзін жауапкершілігі мол, кәсіби маман ретінде көрсетті. Айрықша ұйымдасыру қабілетімен зор беделге ие болып, әріптестерінің арасында сыйлы азамат атанды. ШҚО полиция Департаментінің жеке құрамы мен басшылығы, ішкі істер органының Ардагерлер кеңесі Даур Ибраевтың өмірден өткенін көңіл айтады, – делінген ШҚО полиция Департаментінде.