Өскемен қаласы Абай даңғылындағы кептеліске жол апаты себеп болған

307
көрілім

21 қаңтар күні Абай даңғылында жеңіл автокөлік пен шағын автобус соқтығысқан, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Nissan маркалы автокөлік Михаэлис көшесінен автовоказлға қарай келе жатып жаяу жүргіншілер өткеліне тоқтайды. Артынша Dongfeng шағын автобусы жылдамдықты асырып келіп Nissan автокөлігіне соғылады, - дейді Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі. - Шағын автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

Куәгерлердің айтуы бойынша, жол апаты салдарынан Абай даңғылында үлкен кептеліс орын алып, жолда жарты сағаттан астам уақыт жоғалтуға тура келген.