Өскемен қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

363
көрілім

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Серік Жеңісов қызметінен кетті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Серік Жеңісов мәдениет, білім, ішкі саясат және т.б әлеуметтік салаларды басқарған болатын. Бұл орынға сәуір айының басында келіп, 8 ай қызмет атқарды.

Әкімдік шенеуіктің орнын босатқаны туралы ақпараттың шынайы екенін растап отыр, бірақ қандай себеппен кеткені, бұл орынға кімнің келетіні әлі белгісіз.

Қалалық әкімдікте жұмыспен қамту, білім беру, мәдениет бөлімдерінің басшысы орындары бос тұр.