Өскемен қаласы тұрғыны жараланған үкіні тауып алды

298
көрілім

Миы шайқалған құс қазір жануарларға арналған клиникада, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


«Дворянин» жануарларды қорғау қоғамдық қорының төрағасы Лариса Прокопьеваға ер адам хабарласып, жаралы үкіні тауып алғанын айтқан. Құсты не істерін білмей қоңырау шалған екен. Үкіні клиникаға жібергенде аяғының сынық екенін және миы шайқалғанын анықтады.
Үкінің тағдырына бейжай қарамайтындарға Лариса Прокопьева риза екендігін де жеткізді. Көмектесемін деушілер болса үкі үшін арнайы 40 878 нөмірлі медкартасы да бар.