Өскемен қаласында 11 тонна жанармайды ұрлаған күдіктілер ұсталды

439
көрілім

Облыс орталығының тәртіп сақшылары дизель отынын заңсыз алған екі ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

24 жастағы аға оператор 36 жастағы жүргізушімен мұнай базасынан 11 тоннаға жуық жанармайды ұрламақ болып ұсталған.

Оның алдында мұнай базасы филиалының директоры полицейлерге қоңырау шалып, ұрлық жайлы айтқан. Шығын көлемі 2 112000 теңгені құрады.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.