Өскемен қаласында 6 жеңіл көлік соқтығысты

285
көрілім
Шартты сурет.

Жол-көлік оқиғасы Гоголь және Бажов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бүгін болған оқиға әлеуметтік желілерде жылдам таралуда. Куәгерлер түсіріп жіберген бейнематериалда қақтығысып қалған көлік саны алтау екені белгілі: үш жеңіл көлік пен үш жүк тиеу көлігі. Желідегі видеода тіркемесі бар ауыр жүк көлігі қалған көліктерді соғып кеткені байқалады.
Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мән-жайды анықтауда.