Өскемен қаласында демалыс күндері 4 өрт оқиғасы болды

308
көрілім

Үш өрт ошағы саяжайлар қауымдастығында болса, біреуі көпқабатты үйде орын алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ТЖБ мамандарының айтуынша, 24 тамыз күні «Алтай құрылыс» саяжай аумағында  ағаштан жасалған құрылыс нысаны өртенді. 35 шаршы метрге жайылған өртті өшіру кезінде 2 газ балоны шығарылды.

Осы күні «Озеленитель» саяжай аумағында ұқсас оқиға болып, 50 шаршы метр шаруашылық құрылысы отқа оранған.
25 тамыз күні «Титан» саяжай орнында 12 шаршы метр жерде орналасқан монша тілсіз жаудың кесірінен жанып кетті.
Ал жаңа құрылыс ауданындағы әл-Фараби көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйдің сыртқы жылытқыш қаптамасы тұтанған. Бұл оқиға бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау фактісі орын алуы мүмкін деп болжануда.