Өскемен қаласында дәретхана кабиналарын ұрлаған ер адам ұсталды

319
көрілім

Ол бұған дейін жаздық душты ұрлап алып кеткен. Алайда мұнымен тоқтамаған ұры дәретхана кабиналарын жымқырмақ болғанда қолға түскен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Келеңсіз оқиға бірер күн бұрын орын алған. 35 жастағы ер адам саяжайдан жаздық душты ұрлап кеткен. Мұнымен қоса дәретхана кабинасына да көзі түскен. Осының салдарынан жәбірленушіге 90 мың теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген.
– Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Айыпталушы істеген ұрлығын мойындап отыр. Барлық мүлік орнына кері қайтарылған, – деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.