Өскемен қаласында дүкеннен үлкен сомадағы ақша ұрланды

352
көрілім

Облыс орталығындағы дүкендердің бірінде тағылымдамадан өтуші дүкен иесінің сөмкесінен 180 мың теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Полиция қызметкерлеріне 56 жастағы дүкен иесі қоңырау шалған. Оның айтуынша, ұры ақшаны қосалқы бөлмедегі диванның үстінде жатқан сөмкеден ұрлап алған.
Тәртіп сақшылары 26 жастағы бойжеткенді күдікті деп таныды. Ол бірнеше күн бұрын жұмысқа тағылымдамадан өтуші болып орналасқанын айтып, бар кінәсін мойындап отыр. Басшылық пен келушілердің жоқтығын пайдаланып ақшаны жымқырып кеткен.
– Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.