Өскемен қаласында ер адам жоғалып кетті

507
көрілім

Полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалып кеткен 1969 жылғы ер адамды іздестіруде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ержан Оспанов 2020 жылдың 9 қаңтарында үйден шығып кеткен. Үстіне қыстық көк күртке, қоңыр құндыз бөрік пен джинсы шалбар киген. Туыстары полицияға 12 қаңтар күні арыз жазған. Қазір тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізуде.

«Ержан Оспановты 9 қаңтардан кейін көргендер болса 87055492667 (әйелінің телефоны) нөміріне немесе 102 каналына хабарласуын сұраймыз» - делінген ведомство мәліметінде.