Өскемен қаласында ер адам жұмыс берушісін тонап артынан жұмыстан шығып кеткен

269
көрілім

Тәртіп сақшылары 23 жастағы күдіктіні ұрлық жасағаны үшін қолға түсірді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Айыпталушы жол-құрылыс компанияларының бірінде жұмыс істеген. Жол жөндеу жұмысымен айналысатын қызметкер ешкім жоқта құрылыс материалдары мен асфальттөсегіштің 2 аккумуляторын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі  272572 теңге.
ШҚО ПД мамандарының мәліметінше, 23 жастағы жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.