Өскемен қаласында ер адамды көлік қағып кетті

362
көрілім

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Өскемен қалалық Полиция басқармасының хабарлауынша, 32 жастағы жүргізуші көлік басқарып келе жатып жаяу жүргіншіні қағып кетті. Көлік соққан еркек жол ережесін бұзып, жаяу жүргінші жолағы белгіленбеген жерден өтпек болған.
Ауруханаға жеткізілген 60 жастағы ер адамның тұрғылықты мекенжайы белгісіз.
Оқиға себебі анықталуда.