Өскемен қаласында масайған екі әйел полиция бөліміне жеткізілді

302
көрілім

Астана көшесінің тұрғыны Полиция басқармасына екі рет көмек сұрап қоңырау шалуға мәжбүр болған. Оның себебі аулада мас күйде болған екі әйелдің ұятты іс-әрекеттері, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Полиция басқармасының хабарлауынша, тәртіп сақшыларына екі рет қоңырау келіп түсті. Анықталғандай екі мас әйел әртүрлі уақытта үй ауласында тәртіпсіздік жасаған.
Куәгер ең бірінші 40 жастағы бұрымдының балалар ойнайтын алаңды дәретхана ретінде пайдаланғанын көрсе, екінші оқиғада 45 жасар әйелдің есін білмей шөп үстіне отыруына наразы болып құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қоңырау шалған.

Тәртіп бұзушылар Үлбі Полиция бөліміне жеткізілген соң оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.