Өскемен қаласында нөсер салдарына дайындалуда

297
көрілім

Коммуналдық мекеме қызметкерлері облыс орталығындағы көшелерде жаңбырдан кейінгі қалатын суды соруға арналған техникаларды әзірлеуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


«Өскемен Тәртіп» кәсіпорнының хабарлауынша, қажет болған жағдайда көшелердегі су арнайы техникамен сорылады. Қала тұрғындары білетіндей жаңбыр жауса судан аяқ басар жер қалмайды.
Әсіресе көпшіліктің байқауынша жаңбыр суы жаңа жөнделген көшелер мен даңғылдарда жиі жиылып қалады екен.
Осыған байланысты аталған кәсіпорын тиісті шаралар атқармақ.