Өскемен қаласында «Отбасы орталығының» салтанатты түрде ашылуы өтті

259
көрілім

  Облыс орталығындағы №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында арнайы «Отбасы орталығы» ашылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


  Орталықтың ашылу мақсаты түрлі жағдайдағы отбасыларға арнайы мамандардың көмегімен қол ұшын созу. Жанұяның ішінде болған дау-жанжалдар мен ұрыс-керіс, қиындықтардан туындаған кері әсердің ауыртпалығын кәмелет жасына жетпеген балаларға сездірмеу. Яғни сот шешіміне жүгінген істерді тергеу, қарау мерзімдерінде немесе одан кейінгі уақыттарда да психологиялық, эмоцияналдық жәрдем беру.


  - Арнайы жабдықталған бөлмеде балалармен психолог, тәрбиеші сияқты бірнеше мамандар жұмыс істейді. Сол арқылы бүлдіршіндер бойында қорқыныш, үрей, қобалжу сезімдері туындамайды. Балалардан қажетті ақпаратты алу кезінде бұның пайдасы зор. Осыған дейін 2015-2017 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының жобасы бойынша бұл мекемеде «Шуақты бөлме» және «Жасыл бөлме» атты арнайы орталықтар ашылған. «Отбасы орталығы» соның жалғасы, - дейді ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Анна Жумагулова.


 Данияр ЗАЙНЕЛОВ