Өскемен қаласында пәтер сатумен айналысқан алаяқ ұсталды

449
көрілім

Облыс орталығының тұрғыны «пәтер алып беремін» деп иландырған әйелге 5 млн. теңгесін беріп жіберген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Үлбі полиция бөліміне 52 жастағы жәбірленуші хабарласып алданғандығын айтқан.
Оқиға 2018 жылдың сәуір айында болған. Жақын таныстығы жоқ әйелге баспана алып беруге көмектеседі деп 5 200 000 теңгесін сеніп тапсырған қала тұрғыны сан соғып қалды.
– Жедел іздестіру шаралары барысында бірнеше рет істі болған 1971 жылғы азаматша ұсталып, кінәсін толық мойындаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.