Өскемен қаласында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған аспан асты көрмесі ашылды

335
көрілім

Облыс орталығындағы Республика алаңында 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу құрметіне арналған көрме көпшіліктің назарына ұсынылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Қазақ халқының басынан өткен зұлмат жылдардың бірі қазақ зиялыларының қуғынға ұшыраған кезеңі. Солақай саясаттың кесірінен талай саңлақтарынан айырылған қиын уақыттың көрінісі ретінде Республика алаңында ашық аспан асты көрмесі ұйымдастырылған. Қала әкімдігінің бастамасымен болған бұл шараға облыстық, қалалық түрлі ұйым, мекемелердің өз таныстырылым жұмыстары орнатылды.

- Бұл көрмеге біз жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақтың көрген қиындығы мен алаш азаматтарының қилы тағдырлары жайлы жазылған кітаптарымызды алып келдік. Көруге келген жастар мен қарттар болсын үлкен қызығушылықтарын білдіруде. Себебі ұлы тұлғаларымыздың өткен өмірі мен еткен еңбектері ұмыт қала бастады, - дейді О.Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхананың өлкетану бөлімінің қызметкері Бикамал Мұқиманова.

 Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы етіп жасалған көрмеге түрлі жас аралығындағы адамдар келуде. Бірнеше павильонға орналастырылған шағын көрмелер музей мен кітапханалардан басқа ұйымдардың да тарихи материалдарын жұрт назарына қойды.


 Екі күнге созылатын бұл ашық көрмені еш ақысыз тамашалай аласыз.

   Данияр ЗАЙНЕЛОВ