Өскемен қаласында суға кеткен ер адамның денесі табылды

305
көрілім

18 шілде күні құтқарушылар 57 жастағы еркектің денесін Ертіс суынан алып шықты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


ТЖД қызметкерлері ер адамның қандай себептермен көз жұмғанын білмейді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Болжам бойынша, қаза тапқан азамат суға түспек болған, себебі жағада киімдері жатқан.
Мамандардың айтуынша, демалыс күндері тұрғындар су қоймаларына демалуға барғанда өлім фактілері көбейеді. Көпшілігі арнайы жабдықталмаған орындарда суға түсуге әуес. Осыған байланысты сақтық шараларын есте ұстаған жөн. ШҚО-да 339 демалыс орны бар. 1 маусымнан бастап облыста 20 адам суға кеткен.
Әсіресе, суға батқандар ішімдікке масайған демалушылар мен балықшылар. Бұған қоса қараусыз қалған балалар да жиі кездеседі. Тағы бір қауіп үрлемелі матрастардан туындайды.
Айта кетейік, суға түсу маусымы ашылғаннан бері облыста 11 адам құтқарылған.