Өскемен қаласында зейнеткердің 2 миллион теңгесін ұрлап кеткен

415
көрілім

29 жастағы бұрын да істі болған қала тұрғыны кейуананың пәтеріне «Водоканал» мекемесінің қызметкері ретінде өзін таныстырып ішке кірген соң тонап кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Өскемен қалалық полиция бөлімшесіне 79 жастағы әжей хабарласып, өзін «Өскемен Водоканалының қызметкерімін» деп төлем түбіртектерін тексеру кезінде құжаттар арасынан көп мөлшердегі ақшаны байқап қалып дереу үптеп кеткен. Ұрланған ақша мөлшері 2 миллион теңге.
– Ашық түрдегі тонау жасаған еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын да сотталған 29 жастағы қала тұрғыны анықталды. Заңбұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Полиция басқармасының баспасөз қызметі.