Өскемен қаласында жарқанаттар қаптап кетті

268
көрілім

Облыс орталығының тұрғындары қалада жарқанаттарды жиі байқайтын болған. Олар  кейде тіпті үйге де кіріп кетіп жүр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың биология кафедрасының профессоры Константин Прокоповтың айтуынша, олардың санының көбеюі ауа райына байланысты.
Соңғы уақытта «шақырылмаған қонақтардың» пәтерлерге кіріп кетуінен тұрғындар кәдімгідей үрейленіп жүр.
– Жарқанаттар адамға жақын жерде өмір сүре береді. Ол қалыпты нәрсе. ШҚО-да олардың 14 түрі мекен етеді. Барлығы да зиянсыз, – дейді Константин Прокопов.
Ғалымның сөзінше, бұл ұшатын сүтқоректілерді жоюдың еш қажеті жоқ. Адамдар өздері тиіспесе олар өз еркімен шабуылдай қоймайды.