Өскемен қаласында жасөспірімдер жол апатына түскен

350
көрілім

«Өскемен – Риддер» тасжолында кездейсоқ жол апаты орын алды. Полиция басқармасының хабарлауынша, көлік рөлінде 15 жасар жасөспірім болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Оқиға 23 маусым күні сағат 16:00 шамасында тіркелген. «Volkswagen Passat» маркалы көлігін тізгіндеген ұл бала басқаруға ие бола алмай жол шетіне аударылып қалған.
- 15 жастағы жасөспірім ағасының көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Автомобиль Опытное поле кентіндегі жеке үйлердің бірінің есік алдында тұрған. Жолға шыққан тәжірибесіз жас жүргізуші екі жолаушысымен бірге жарақат алды. Жолаушылардың бірін ауруханаға жөнелтуге тура келген, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.