Өскемен қаласында «Жедел жәрдем» көлігі жол көлік оқиғасына түсті

279
көрілім

Алдын ала келіп түскен мәліметтерге сүйенсек, оқиға жедел жәрдем көлігіндегі жүргізушінің кінәсінен болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Көлік қақтығысы 27 мамыр күні Ушанов алаңы маңында орын алған.

- 35 жастағы «Жедел жәрдем» көлігінің жүргізушісі жарқылдауық маягін қосып Ғарышкерлер көшесінен Назарбаев даңғылына қарай шыққан. "Mazda" автокөлігін тізгіндеген азамат басты жолмен келе жатып «Жедел жәрдем» көлігіне жол берген, бірақ медициналық көмек көлігі бүйірлік аралықты есептей алмай соқтығысқан, - деп мәлімдеді Өскемен қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі, - Көлік соқтығысының басты себепкеріне әкімшілік хаттама толтырылды.

Жол оқиғасында «Жедел жәрдем» көлігінде кәмелеттік жасқа толмаған науқас болған. Көлік соқтығысынан зардап шеккен ешкім жоқ.