Өскемен қаласында жоғалған ер адам іздестірілуде

345
көрілім

Еріктілердің мәліметінше, үш апта бұрын облыс орталығының тұрғыны із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Volontery_uka_LIDER.KZ еріктілер ұйымының мүшелері әлеуметтік желілерде 1964 жылы дүниеге келген Попов Алексей Федорович туралы мәліметтерді жариялаған.
Бар ақпаратқа сүйенсек, 20 шілде күні Глубокое ауданы Солнечное ауылының тұрғыны әпкесінің үйінде қонып, ертеңінде үйіне қайту керек болған. Алайда сол күйі оралмады.
Іздеудегі ер адамның бойы 163 сантиметр. Көзінің түсі – көгілдір-сұр, шашы – ақ.
Айрықша белгілері: сол қолында қыздың суреті салынған тату бар.
Жоғалған күні үстінде майка, шорты және аяғына туфли киген.
Қандай да бір мәлімет болса 8-771-466-54-38 нөміріне немесе 102 арнасына қоңырау шалуларын өтінеді.