Өскемен қаласында жылы аялдамадағы теледидарды ұрлап кетті

296
көрілім

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Назарбаев даңғылындағы жаңа аялдаманың теледидары жоғалып кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Ұрлық фактісі үшінші тамызда тіркелген. Тоналған теледидардың құны «Өскемен тәртіп» ЖШС-нің бағалауынша 50 мың теңге.
– Іздестіру шаралары барысында 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдікті бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, – деп хабарлады Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.