Өскемен қаласындағы қоқыс тағы да тұтануда

341
көрілім

Қалалық ТЖБ-да коммуналдық қызметкерлер қоқыстың бықсып жануын өз күштерімен сөндірмек болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бүгін таңертең облыс орталығында тағы да түтін байқалды. Қала тұрғындары күйіктің иісіне шағымданып, қоқыстың тағы да өртенуін айтқан.

Ескерте кетейік, 11-15 тамыз аралығында Шмелев лог ауылына жақын орналасқан қоқыс алаңы өртенген еді.

– Қазіргі уақытта қоқыс орнында кіші өрт ошақтары ғана байқалады. Өртті «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС қызметкерлері өз күштерімен сөндіруде. Өрт сөндірушілер көмегінен бас тартты. Дегенмен біздің мамандар жағдайды бақылауда, – деп хабарлады ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова.