Өскемен қаласындағы май зауытында тауыс өсірілуде

477
көрілім

Онға жуық экзотикалық құс өндіріс аумағында мекендейді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

«Май» АҚ-ның аумағындағы үш аналық және үш аталық құс бірнеше жыл бұрын әкелінген. Қазір құстың саны 12-ге жетті.

– Біз мұны коммерциялық мақсатта жасаған жоқпыз. Тауыс – үй құстарымыз секілді. Жұмыста барлығы казармадағыдай болуы міндетті емес, – деп нақтылады өндірістің қаржы директоры Татьяна Костина. – Бізде ветеринарлық қорытынды да бар. Мамандардың айтуынша, қауырсындылар таза жерде жүреді әрі үнемі жұмысшылардың бақылауында.

Жұмақ құстарын көруге тек зауыт қызметкерлері ғана емес, жақын маңдағы тұрғындар да келеді.

Жылдың жылы мезгілдерінде ашық жерде ұстап, салқын уақытта жабық жерге орналастырамыз.

Сол жердегі қызметкерлердің айтуынша, қыстық орындарында ауа температурасын минус он градустан жоғары асырмайды. Өйткені құстар көбею кезеңіне ерте түсіп кетуі мүмкін.

– Жалпы бұл құстар өте қайырымсыз «ата-аналар». Үш жұмыртқа басса алғашқы жарып шыққан балапанды ғана асырайды. Бір жылда тек бір рет балапан басады. Сондықтан бір ғана балапанды өсіріп жеткізеді екен.

Құстар саны көбейген жағдайда оларды зообақтарға сыйға тартады. Мысалы Шемонаиха ауданындағы Камышинка зообағы соның айғағы.