Өскемен қаласындағы Назарбаев даңғылы жөнделмек

394
көрілім

Болашақта қаладағы бас даңғыл бойындағы жеке секторлардың орнына көпқабатты үйлер салынуы мүмкін, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Облыс орталығының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында Назарбаев даңғылының жөндеу жұмыстары тұр.
Құрылыс жұмыстарына байланысты құжатта Пограничный көшесінен Бажов көшесіне дейінгі жол қиылыс реттелмек. Мұнымен қоса магистральді аумақтар кезеңді түрде қайта жөнделіп, қызмет көрсету нысандары бар көпқабатты үйлер бой көтереді.
Жеке құрылыстар қазіргі саяжай учаскелерінің орнына салынады деп болжанып отыр. Бұл  Өскеменнің жөндеу жұмыстары бойынша Бас жоспарында қарастырылған.