Өскемен қаласының автотасымалдаушылары қалалық әкімдікпен соттасуда

329
көрілім

Тасымалдаушы компания біржақты етіп келісімшартты бұзған қала әкімдігімен соттасып, заңдылығын анықтауда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Өскемен қаласы әкімдігі 3 тамыздан бастап «БЭСТ» ЖШС қызмет көрсеткен № 25, 25а, 43, 43а бағытына басқа тасымалдаушы шығады деп хабарлаған. Бірақ анықталғандай, мекеме бағыттарын өзгеге беруге келіспеуде.
– Тасымалдаушылар экономикалық сотқа жүгінген, – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. – Әзірге сот ісі бітіп, шешім шығарылмай олар өз бағыттарымен жүре береді.
Бұған дейін «БЭСТ» ЖШС өз құқықтарын сотта қорғаймыз деген.
– Олар келісімді біржақты бұза алады. Тек дәл мұндай жағдайда емес, – дейді компания директоры Елена Рядинских.
Еске сала кетейік, даудың басы «Бэст», «Vosca», «Автосервис» ЖШС-нің 70-тен асқан және 7-15 жас аралығындағы жолаушыларға арналған жеңілдіктерді алып тастағаннан басталған. Артынан мектеп оқушылары үшін жеңілдіктер қайтарылған еді. Алайда әкімдік келіспеген тасымалдаушыларды бұл нәрсе айналып өткендей болып отыр.