Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев ресми мәлімдеме жасады

759
көрілім
Фотосурет - Nur.kz сайтынан

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев ресми мәлімдеме жасады. Шаһар басшысы сот ісі аяқталғанға дейін ақысыз еңбек демалысына кететінін айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Өкінішке орай, Риддердегі қайғылы оқиғадан кейін маған қатысты көптеген сөз айтылып, әр түрлі нұсқалар пайда болуда. Мұны өсек-аяңды таратқан адамдардың ұятына қалдырдым. Тергеу жұмыстары барлық талапқа сай жүргізілді. Басынан бастап құқық қорғау органдарына оқиғаның бүге-шүгесін анықтауға қолымнан келгенше көмек көрсеттім, – дейді Қуат Тұмабаев.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласы әкімінің міндетін орынбасар Ольга Булавкина атқаруда.