Өскемен қаласының мұғалімдері ҰБТ үшін тағы да «таяқ жеді»

393
көрілім

Мектеп директорларынан әлі де оқушылардың тестілеуге қатысу көрсеткішін көтеру әлі де талап етілуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Тамыз конференциясында қала әкімі Жақсылық Омар білім саласының қызметкерлеріне ҰБТ тапсырушы түлектердің саны аз екендігін айтты. Әсіресе №9, 29, 36, «Бриг», «Исток» және «Нұр Орда» сынды жекеменшік және мемлекеттік мектептер шаһар басшысынан ескерту алды.
– Көрсеткіш жоғары болуы қажет. Мемлекет білім саласына көп қаржы жұмсауда. Ал түлектер шетелдік жоғарғы оқу орындарына тапсырып, оқуы біткен соң елге оралмайды. Сонда біз басқа елдің экономикасына жұмыс істеудеміз. Мен тапсырушылардың төмен пайызын көрсеткен әр мектеп директорымен жеке сөйлесетін боламын, – деді Жақсылық Омар.
Естеріңізге сала кетейік, "2019-2020 оқу жылында ҚР-да оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы" нұсқаулық-әдістемелік хатында ҰБТ қорытындысы аттестаттаудың өлшемі болып табылмайды және мектеп әкімшілігі мен педагогтары оның нәтижелері мен процедуралары үшін жауап бермейді делінген.