Өскемен қаласының шеткі аудандарының мәселелері шешілуде

332
көрілім

№5  Согра сайлау учаскесінің депутаты Әсем Мамутованың назарынан тұрғындардың  шағымы тыс қалмауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

"Nur Otan" партиясының атына мәслихат депутатының көмегі үшін Согра шағын ауданының тұрғындары редакцияға хат жолдады.

Мамутова Асем Тілекқызы 2016 жылы №5 Согра сайлау округі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. Депутаттық қызмет жылдары ол жергілікті тұрғындар үмітін ақтағанның бірі болды. №5 Согра сайлау округі аумағына Б.Александров атындағы спорт сарайынан Жаңа Согра кентіне дейінгі, оның ішінде Бабкина мельница, Шмелев лог, Арматурный және басқа да аудандар кіреді.

Депутат болып сайланған күннен бастап ашылған Әсем Мамутованың қоғамдық қабылдау бөлмесіне келушілердің саны ешқашан толастаған емес.

- Мен Асем Тілекқызына адамдардың қалай жүгінетініне бірнеше рет куә болдым. Әр уақытта мәселені жедел шешіп берген оған тұрғындар әрдайым риза. Біз де редакцияға Асем Тілекқызына алғыс білдіру үшін хабарластық, - дейді «Согра-2» ПКСК басқармасының төрайымы Любовь Киричкова.

- Овечий ключ кентінде балалар алаңы жоқ еді. Азаматтар барлық жерге өтініп барған, алайда көмек болмады. Асем Тілекқызына келген соң ғана екі айдан кейін біздің балалар жаңа ойын алаңында асыр салды, - дейді Загородний кентінің аға дәрігері Салауди Сусуров.

Көп ұзамай тұрғындар депутатқа басқа мәселе бойынша тағы жүгінген: барлық автобус аялдамаларында павильондар жоқ. Балалар жаңбыр астында қалып, адамдар суық күнде көлік күтіп тұруға мәжбүр. Бұл мәселе бойынша көмек сұраған тұрғындардың ойы іске асып, екі аптадан кейін ауданда екі жаңа аялдама кешені орнатылған. Осы сияқты жол мәселесі де шешіліп, көңілден шықты.

Любовь Киричкованың айтуынша,  биыл Менделеев көшесіндегі №10, 9 үйдің шатыры жөнделген. Ал өткен жылы №4, 8 үйлер осындай жөндеуден өткен.

Асем Тілекқызының бастамасымен М.Шаяхметов атындағы №23 мектептің акт залы, спорт залы жөнделіп, оқу сыныптары заманауи техникамен жабдықталған. Сол сияқты №18 орта мектептің де акт залы жөнделіп, жаңа орындықтар әкелінген.

Көп балалы отбасыларға, жетім балаларға көмек, аз қамтылған отбасылардың үйлерін, пәтерлерін жөндеу, соғыс және еңбек ардагерлеріне төлемдер, Жаңа Согра кентіндегі полиция учаскесін және арматурный кентіндегі ОДА-ны жөндеу, стадиондағы жөндеу жұмыстары – бұл және басқа да жұмыстар Әсем Мамутованың депутат болғаннан бері атқарған көп істерінің бір бөлігі ғана.

Ең бастысы – тұрғындардың өтініштерінің жерде қалмауы.