Өскемен қаласының тұрғыны 30 жылдай жеке куәліксіз жүрген

335
көрілім

ШҚО ПД көші-қон қызметіне 46 жастағы облыс орталығының тұрғыны Марат Тулубаев өтінішін білдірген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Марат Тулубаевтың қолында тек 1989 жылы алған ескі нұсқадағы куәлігі болған. Содан бері ешбір құжат алып көрмеген. Құжаттарын реттеуге бірде ақшасы жетпей қалса, бірде қандай да бір айыппұлдар салына ма деп қорқып, қажет қағаздарды жасатпаған. Бұл әрекетінен осы күнге дейін тіпті ыңғайсыздық көрмеген.

Полиция қызметкерлері екі аптаның ішінде ер адамға қажет құжаттарды жинап берді. Туу туралы куәліктің дубликаты мен орта мектепті бітіргені жайлы анықтаманы да өтініш білдірушінің қолына табыстаған.

Көші-қон қызметінің мамандары Марат Тулубаевқа ҚР-ның азаматы екендігін растайтын анықтаманы тапсырды. Аталған құжатпен кез келген ХҚКО-дан жеке куәлігін ала алады.

Сондай-ақ азамат ешқандай айыппұл төлемей, барлық құжаттарын алаңсыз рәсімдей алады.

Қуанышы қойнына сыймаған азамат көші-қон полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, жеке куәлігімен алдағы уақытта тұрақты жұмысқа орналасатындығын сөз етті.