Өскемен қаласының тұрғыны көшеде келе жатқан бейтаныс ер адамның балдағын тартып алған

340
көрілім

Облыс орталығында бейтаныс жанның балдағын тартып алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

1963 жылғы азамат полиция бөлімшесіне келіп арыз жазды. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірген.

– 43 жастағы күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.