Өскемен қаласының тұрғынынан 1 келіден астам марихуана тәркіленді

266
көрілім

ШҚО ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үйінде көп мөлшерде есірткі заттарын сақтаған 35 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Жедел іздестіру шаралары барысында пәтерден қоңыр-жасыл өсімдіктерден тұратын қара полимер қапшық табылды.

- Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат салмағы 1 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексі 266-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.