Өскемен көшелерінің бірінде автокөлік өртенді

497
көрілім

Облыс орталығындағы М.Горький көшесінде кеше көлік өртенді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «ВАЗ-2113» автокөлігін тұраққа қою кезінде көлік салонының ішкі аумағы 1,5 шаршы метрді құрайтын бөлігі түгелдей дерлік жанып кеткен.

Өрттің шығу себебі өрт қауіптілігі жоғары қондырғыны алып жүру барысында техникалық қауіпсіздік шараларын сақтамау, – делінген мәліметте.

Мамандары 2022 жылдың басынан бері облыс аумағында 97 өрт оқиғасы орын алғанын атап өтті.