Өскемен көшелерінің бірінде есірткі қойып кетушілер ұсталды

634
көрілім

«Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында Өскеменде есірткі қылмысы анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, ҚР ҰҰ арнайы мақсаттағы бөлімшесі және ШҚО ПД КҚО тізе қосып, Меновное кентінде есірткі жасырып кеткен екі адамды ұстады. Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі кәмелет жасына толмаған.
- Тәртіп сақшылары тінту жүргізу барысында қолға түскендерден оралған 48 бума тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, олардың құрамында 20 грамнан астам "Альфа-пирролидиновалерофенон" психотроптық заты болған, - деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.


Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірім үй қамағында, оның сыбайласы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген мәліметте.
Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілеп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.