Өскемен полицейлері жоғалған баланы бес минут ішінде тапты

463
көрілім
Фотосурет Elitar.kz сайтынан

Өскемен қаласының тәртіп сақшылары 4 жасар баланы бейнекамералар арқылы тауып, анасына қайтарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 каналына әйел адам қоңырау шалған. Ол балабақшадан шыққан кезде төрт жасар баласын жоғалтып алғанын, баланың арқасында қызыл сөмкесі бар екенін түсіндірді.

– Жедел басқару орталығының кезекшісі жоғалған баланың келбеті, киген киімі мен өзге де ерекшеліктеріне байланысты мәліметтерді ішкі каналдар арқылы полиция қызметкерлеріне жіберді. Бірнеше минут ішінде іздеу жұмыстары сәтті аяқталды. Полицейлер бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп, Қазақстан - Мызы көшелерінің қиылысында жоғалған бүлдіршінді тауып алды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.