Өскемен саябақтары жаңарып, жақсарады

499
көрілім
Фотосурет - livejournal.com сайтынан

«Жастар» саябағында балаларға арналған ойын алаңдары жаңармақ. Сондай-ақ, қаладағы басқа да демалыс орындарында ерекше өсімдіктер өсірілуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорық баспасөз қызметі биылғы жаз маусымында «Жастар» және Жамбыл атындағы саябақтарда қандай өзгерістер болатынын мәлімдеді.

Алдағы уақытта Киров көшесінде орналасқан «Жастар» саябағына бүлдіршіндерге арналаған ойын алаңқайларын орнату жоспарлануда.

Бұған қоса халық көп шоғырланатын екі саябақта да жаңа өсімдіктер түрі өсірілуде. Атап айтқанда, халық арасында «қасқыр жидек» аталатын өсімдік, биіктігі 3 метрге дейін жететін бульденеж, терри бадамы, тағы басқа да ерекше әдемі өсімдіктер өсіру қолға алынды.