Өскемен тұрғындары көп көлемде оқ-дәрі сақтаған

1122
көрілім
Шартты фотосурет

Тәртіп сақшылары оқ-дәрілер сақтаған қала тұрғынының бірін наурыз айының 23-і күні анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес 34 жастағы өскемендіктің үйінен көп көлемде оқ-дәрі табылды. Бұдан бөлек, қала тұрғындарынан түскен ақпараттарды тексеру барысында заңсыз оқ-дәрілер сақтағаны үшін 53 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Тексеру кезінде 16 калибрлі 20 оқ-дәрі, 20 калибрлі бір оқ-дәрі және қолдан жасалған қорғасын оқтары мен ұнтақ тәркіленді. Барлық тәркіленген заттарға тиісті сараптамалар тағайындалды.

– Аталған тұрғындар ҚР ӘҚБтК 482 бабы 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау). Қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға жиырма есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу жазасы көзделген, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимов.