Өскемен тұрғындары медициналық маска бағасының қымбаттығына шағымдана алады

382
көрілім
Фото tengrinews.kz сайтынан

Өскемен қаласының тұрғындарына медициналық маска бағасының қымбаттығын айтып шағымдануына болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемендіктер әлеуметтік желі арқылы кей дәріханалар мен сауда орындарында медициналық маскалардың құны шарықтап кеткендігін жазуда. Осы ретте, қаладағы коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында құрылған штаб өкілдері азық-түліктің және медициналық маскалардың орынсыз қымбаттағаны жайлы арыз-шағымдарды қабылдайтын Сall-орталықты іске қосты.

- Осындай фактілерді байқағандар 138 және 8 (777) 907-20-93 телефон нөмірлеріне хабарласа алады, - деп хабарлады штаб өкілдері.