Өскемен тұрғыны бақшасынан күзен тауып алды

601
көрілім

Қазір жануарлар құқығын қорғаушылар жануардың иесін іздеп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемен тұрғыны өз бақшасындағы бөшкеден күзен тауып алған. Әйел адам жануарға қол тигізуге қорқып, жануарлар құқығын қорғаушыларға жүгінген.

– Күзен бөшкеден шығарылып, ветеринарлық клиникаға жеткізілді. Жануарының иесі табылмаса, күзен біздің қарамағымызда қалады, - дейді «Доверие» ұйымының үйлестірушісі Елена Скосарева.

Еріктінің айтуынша, соңғы аптада бұл жағдай екінші рет орын алып отыр. Бірінші ретте жануардың иесі табылып, оны өзімен бірге алып кеткен.

– Біз бұл күзеннің иесі жоқ шығар деген ойдамыз. Жануардың артқы аяқтарында кінәраттар бар, мүмкін сол үшін де оны қараусыз жағдайда қалдыруы мүмкін, - деп қосты Елена Скосарева.