Өскемен тұрғыны есірткімен ұсталды

592
көрілім

Өскемен қалалық полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі қызметкерлері есірткі қылмысын анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

31 жастағы қала тұрғынынан 50 граммға жуық марихуана тәркіленген.
- Ғарышкерлер көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары қимылы күдік тудырған ер адамға назар аударды. Тәртіп сақшыларының назарына іліккенін білген ол жылдап басып, маңайда жасырынуға тырысты, - деді полицейлер.

Тінту нәтижесінде құқық қорғау органдары ұсталған адамнан өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакет пен жасыл түсті заты бар қағаз түйіншек тәркіледі.

- Табылған заттар сараптамаға жіберілді. Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған заттар жалпы салмағы 46,16 грамм кептірілген марихуана есірткісі болып шықты. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген мәліметте.