Өскемен тұрғыны ХҚКО-да жарылғыш зат бар деп жалған хабарлама жасағаны үшін сотталды

342
көрілім

Өскемен қалалық №2 соты полиция қызметкерлеріне Халыққа қызмет көрсету орталығында жарылғыш зат бар деп жалған хабарлама жасаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өткен жылдың 30 мамырында 102 каналына қоңырау шалған 39 жастағы қала тұрғыны Қазақстан көшесі 159/4 мекенжайында орналасқан ХҚКО-ға жарылғыш зат қойылғандығы туралы айтқан. Алайда бұл жалған хабарлама болып шықты. Осының салдарынан мемлекетке 75 439 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген. Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден қолға түсіріп, тергеу амалдарын бастайды. Кейіннен оның ісі сотқа жеткен.

- Айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан шектелді, – деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз қызметіндегілер.