Өскемен тұрғыны төтенше жағдай қызметкерлеріне алғысын білдірді

402
көрілім

Өскемендік Анатолий Прототопов ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ 8-ӨСБ бастығы Жарас Магулов пен оның досы Ерназ Сүлейменовке қиын жағдайда көмектескені үшін алғыс хатын жолдаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға шілде айының басында болған екен. Адольф Янушкевич көшесінде келе жатқанда Магулов Жарас пен оның досы Ерназ Сүлейменов жол үстінде ес-түссіз жатқан ер адамды қөріп қалады. Жол бойында жүрген жолаушылар әу баста мән бермеген, алайда Жарас пен Ерназ жүрек талмасы ұстап қалғанын байқап бірден әрекет етеді. Құтқарушылар жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиғызған соң дәрі беріп жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлердің сөзінше, Жарас Магулов пен Ерназ Сүлейменов болмағанда жағдай одан ары ушығатын еді.

Анатолий Иванович хатында екі досқа жылы лебізін білдіріп, сол күні немқұрайлы қарамай оған екінші өмір сыйлағанын айтқан.