Өскемен тұрғыны жалған дипломмен мемлекеттік қызметке орналаспақ болған

433
көрілім

Өскемен қаласында жалған дипломмен мемлекеттік қызметке орналаспақ болған ер адам сотталды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Өткен жылдың қыркүйек айында айыпталушы Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде «қаржы және несие» мамандығын бітіргендігі туралы жалған дипломмен Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жұмысқа тұрмақ болды. Оның заңсыз әрекетін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері әшкереледі. Анықталғандай, сотталушы жалған дипломды 2005 жылы жасатқан, – деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі бойынша 38 жастағы ер адам ҚР ҚК-нің 385-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 75 750 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.