Өскемен тұрғыны жүк көлігін жөндетемін деп төрт миллион теңгесінен айырылды

1648
көрілім
Шартты фотосурет

43 жастағы қала тұрғыны көлігін жөндетемін деп алданып қалғанын жайлы өтініш түсірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өтініш түскен соң Өскемен қалалық полиция басқармасы Солжағалау полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіндегілер алаяқтың ізін алған.
Ал оған дейін шағым түсірген ер адам танысының көлік жөндегені үшін 4 000 000 теңге талап еткенін айтқан. Ақша қолына түскен соң жөндеудің орнына ізін суытыпты.
- Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер күдіктінің кім екенін анықтаған. Ол 39 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты, жауап алу барысында кінәсін мойындаған. Алайда ақшаны қолма-қол қайтарып алу мүмкін болмады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.
Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.