Өскемен тұрғынын «Тамирлан» сауда үйінің маңында өлтіріп кетті

2245
көрілім

ШҚО Полиция департаментіндегілер наурыз айының 30-ы күні Абай даңғылында болған жайтқа қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, кеше кешкісін Абай даңғылындағы дәмхананың жанында («Тамирлан» сауда үйінен жолдан өте бергенде) бірнеше полиция және жедел жәрдем көлігі тұрған. Ал ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, сол жерде адам өлтіріліп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабына (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

- Күдікті анықталып, қолға түсті. Қазіргі уақытта тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген мәліметте.