Өскемен тұрғынын үйінің ауласында тонап кетті

1563
көрілім
Шартты фотосурет

Қазан айының 11-і күні Өскемен қалалық Полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне қымбат смартфон ұрланғандығы туралы хабар түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, 37 жастағы әйел хабарласып, таңғы сағат 05.20 шамасында Гагарин бульвары көшесінде күштеп қолындағы алтын сақина мен қымбат смартфоның тартып алып, тонап кеткенін айтқан. Одан әрі қаскүнем оқиға орнынан қашып кеткен.

- Осылайша жәбірленушіге 100 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері сол күні ізін суытпай, қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктіден жауап алу кезінде кінәсін мойындап, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191 - бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.