«Өскемен-Алтай» тасжолын қар көшкіні басты

346
көрілім

Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолын қар көшкіні басып қалған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 22 қаңтарда Өскемен-Алтай тасжолының 64-ші шақырымындағы 350 текше метр көлемін қар көшкіні басқан. Осының салдарынан жол жартылай жабылып қалды. Қазіргі уақытта «Казақавтодор» ЖШС қар тазалау жұмыстарын жүргізуде, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін құтқарушылар 20-26 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі бар екендігін ескерткен.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 23 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ екпіні секундына 28 метрге дейінгі жел соғады деп күтілуде.